25 мың текше метр су: Қонаевтағы жаңа кәріз жүйесінің қуаты қандай?
«Шелек–Кеген–Нарынқол» магистральдық газ құбырының құрылысы 2028 жылы толық аяқталады.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында хабарланды. Сонымен қатар, келесі жылы Қонаев қаласында жаңа кәріз жүйесінің құрылысы да толық аяқталуы тиіс. Нысан қаладан 15 шақырым қашықтықта 215 гектар аумаққа бой көтереді. 36 шақырымдық коллектор мен заманауи сорғы станциялары арқылы тәулігіне 25 мың текше метрден астам тұрмыстық ағын суды тазартылмақ. Жаңа нысан мемлекеттік–жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Ол қала мен өңірдегі су тазалау сапасын айтарлықтай жақсартып, экологиялық жағдайды тұрақтандыруға елеулі үлес қосады.
ҚУАТ БАЙҒОЖАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
« Соған кәріз жүйесінің жасалуына кәсіпкерлік пен серіктестік мақсатында жасалатын ісшаралардың қай дәрежеде жүріп жатқанын, қай уақытта бітетінін, оның қалаға, қоршаған ортаға қандай әсері бар екендігі жөнінде облыс әкімінің орынбасары Әсет Дүйсебекұлы түсініктеме депутаттардың алдында толыққанды берді. Содан кейінгі негізгі мәселелердегі біздегі ауыс-түйіс мәселелерінің төңірегіндегі тұрақты комиссиялардың құрамы осы сессияда бекітілді»