Қонаевта Референдум нәтижесі пысықталды

Қонаевта 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындысы мен жаңа Конституцияны іске асыру мәселелері жан-жақты пысықталды.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев алдағы уақытта атқарылатын ауқымды міндеттерге тоқталып, жаңа заңнамалық өзгерістерді тиімді жүзеге асырудың маңызды бағыттарын атап өтті. Жаңа Конституция қабылдануы –  мемлекеттің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын білдіреді. Бұл құжат  болашаққа бағдар беретін басты нышан ретінде қабылдануы керек» деді облыс басшысы. Сондай ақ саяси науқанды ұйымдастыруға атсалысқан мемлекеттік мекеме басшылары мен қоғам белсенділерінің жұмысын жоғары бағалады. Марат Елеусізұлды референдумның ашық әрі заңды өтуіне үлес қосқан барлық азаматтарға алғыс білдіріп, бірқатар азаматты марапаттады. 

МЕЙРАМГҮЛ АЙТОВА 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
«Референдумды ұйымдастырып өткізу тек қана референдум комиссияларына ғана байланысты емес, бұл өте үлкен, ауқымды жұмыс болды. Осы дайындық жұмыстарына барлық мемлекеттік  органдар, облыс басшылығы толығымен қатысты. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар белсенділері де қатысты. Осы орайда, осы бүгінгі күнгі ісшарада облыс  бойынша осы жүргізілген ауқымды жұмыстың қорытындысы шығарылды

Сондай-ақ оқыңыз: