Алматыда көлік инфрақұрылымын дамыту және жол жүктемесін азайту мәселелері талқыланды

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобильділік жөніндегі кеңесінің отырысына да қатысты.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста Алматы қаласының көлік қаңқасын дамыту және мегаполистегі көлік жүктемесін азайту мәселелері талқыланды. Күн тәртібінде жол инфрақұрылымын жетілдіру, қоғамдық көлікті дамыту, BRT жобаларын іске асыру, радиалды және магистральды көшелерді салу, метро желісін кеңейту секілді маңызды бағыттар қаралды. Барлық жұмыстар партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ қоғамдық көлік жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, автобус паркін жаңарту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, арнайы жолақтарды енгізу, көлік-тасымалдау тораптарын дамыту, жолақы төлемін цифрландыру және жолаушылар тасымалын дамытудың кешенді схемасын қалыптастыру мәселелері қозғалды. Бұл шаралардың барлығы қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз көлік жүйесін құруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз: