Кеген ауылының 10 тұрғыны үйлі болды
Кеген ауылында ақ түйенің қарны жарылған күн. Баспана кезегінде тұрған ондаған отбасының көптен күткен арманы орындалып, жаңа үйлердің кілті иелеріне табыстала бастады.
Әлеуметтік осал топ өкілдері мен көпбалалы аналарға арналған 72 үйдің құжаттары толық реттеліп, алғашқы тұрғындар өз шаңырақтарына қадам басты. Жалпы аумағы 68 шаршы метрлік үйлерлің әрқайсысы 3 бөлмелі. Пәтерлер Отбасы банктің арнайы бағдарламасы аясында беріліп, әр үйдің өз иесіне заңды әрі әділ жолмен табысталуының кепіліне айналды. Кегендегі құрылыс қарқыны мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта баспана кезегінде тұрған 500-ге жуық мұқтаж жанды үймен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.