Қонаев қаласында қоғамдық-сараптамалық жиын өтті
Қонаев қаласында қоғам мен билік арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға арналған қоғамдық-сараптамалық жиын өтті. Басқосуды Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалы ұйымдастырды.
Кездесуде тұрғындардың елдегі маңызды шешімдерге қатысу мәселесі талқыланды. Әсіресе, жуырда өткен жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдумның маңызына ерекше назар аударылды. Дауыс беруге 9 миллион 126 мыңнан астам азамат қатысқан. Бұл – Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сарапшылар мұны халықтың саяси белсенділігінің артқанын және ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды белгі ретінде бағалады. Сонымен қатар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі де сөз болды. Халықпен дұрыс байланыс орнатып, ақпаратты ашық әрі түсінікті жеткізу бүгінгі күннің басты талабы екені айтылды.
АСҚАР НИЯЗОВ
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ» ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ
«Негізі пікірталастың негізгі сұрақтары сол референдумның рөлі. Халыққа рөлі және маңыздылығы деген тақырыпта. Бұл жерде осы пікірталаста барлық өкілдер өздерінің ойларын, пікірлерін айтып жатыр»