Президент жаңа Конституция туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция туралы жарлыққа қол қойып,  құжаттың 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енетінін мәлімдеді.

Ата-заңды қабылдауға арналған салтанатты іс-шарада Қасымжомарт Кемелұлы  бұл күнді  тарихи сәт деп атап, жаңа заң бүкіл халықтың қатысуымен әзірленгенін жеткізді. Конституция – мемлекеттің ұзақмерзімді бағытын айқындайтын, ұлт болашағына тікелей әсер ететін басты құжат. Президент референдум нәтижесін халық бірлігі мен жаңғыруға деген ортақ ұмтылыстың көрінісі ретінде бағалады.  Әсіресе, жастардың белсенділігін ерекше атады. Мемлекет басшысы алдағы кезеңде ауқымды реформалар болатынын, жаңа заңдар қабылданып, мемлекеттік жүйе жаңаратынын жеткізді. Сонымен бірге ел дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградаларды табыстады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 
«Бұл референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір өнегелі көрнісі және нышаны болды. Біз халқымызға тән нағыз отаншылдық рухын сезіндік. Олардың риясыз қолдауына куә болдық. Мемлекет тағдырына бей жай қарамай, дауыс беру науқанына атсалысқан барша азаматтқа зор алғыс айтамын» 

Сондай-ақ оқыңыз: