Қонаев қаласында Наурызнаманың бастауы саналатын Көрісу күні, яғни Амал мерекесі тойланды

Қонаев қаласында Наурызнаманың бастауы саналатын Көрісу күні, яғни Амал мерекесі тойланды. Бұл күні қыстан аман шыққан ағайын бір-бірімен көрісіп, өкпе-ренішті ұмытып, ізгі тілектерін арнайды.

Береке мен бірліктің нышанына айналған мерекелік іс-шараға ақсақалдар, ақ жаулықты әжелер мен жастар қатысып, дәстүр сабақтастығын көрсетті. Халқымыздың әдет-ғұрпы  дәріптеліп, ұлттық құндылықтар  насихатталды.  Сонымен қатар театрландырылған көріністер қойылып, қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Мерекеге жиналған жұртшылық ақ дастарқан басында бас қосып, көтеріңкі көңіл-күймен бір-біріне ақжарма тілектерін айтты.

АНУАР ҮМБЕТӘЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінгі көріністе жаңағы театрлардық көрінісімізде сол амал мерекесінің негізі қалай болу керек екендігін көре алдық. Соны өте жоғары деңгейде көрсете алды біздің өнерпаздарымыз рақмет. Мереке құтты болсын» 

Сондай-ақ оқыңыз: