Қонаев қаласында полиция қызметкерлері балаларға жолдан өтудің жапондық әдісін үйрете бастады!

Қонаев қаласында полиция қызметкерлері балаларға жолдан өтудің жапондық әдісін үйрете бастады.

Оның басты ерекшелігі -жаяу жүргінші мен жүргізуші арасындағы «көз арқылы байланыстың» орнауында. Тәртіп сақшылары оқушыларға жол жиегіне тоқтап, көлік тізгіндеген адамның өзін көріп тұрғанына көз жеткізуді талап етеді. Тек осыдан кейін ғана қозғалысты бастау керек.  Жапонияда кеңінен қолданылатын бұл әдіс баланың бойында жол тәртібін сақтау дағдысын қалыптастырады.  Жол апаты санын азайтуды көздеген осындай қауіпсіздік сабағы жиі өткізіледі. 

РАЯНА ҚУАНЫШ
ОҚУШЫ
«Бүгін өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін жолдан қалай өту керек соның бәрін айтып берді. Мысалы, бізге айтты бағдаршамнан қалай өту керек. Мысалы, жасыл  жанғанда жүру керек, сары жанғанда күту керек дайындалу керек, ал жасыл жанғанда жүру керек. Бірақ бұны мен бұрыннан білем, бұған мен өте тиянақтымын. Бұның бәрін біздің қауіпсіздігіміз үшін айтады»

ӘДІЛБЕК ЖҮНІСХАНОВ
ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ 
«Балаларға біз Жапон әдісін үйреттік жол жүру ережесін. Себебі деген, білесіз ғой Жапон мемлекетіндегі халық ол ерекше тәрбиелі және тәртіпті сақтайтын халық. Сонымен қатар, сол  тәжірибені өзіміздің мемлекетімізде балаларға үйрету біз үшін міндет. Сол әдіспен жол жүру ережесін сақтап, абай болып және жан-жағына қарап, максималды түрде тәртіпті болуға үйретіп жатырмыз».

Сондай-ақ оқыңыз: