Жасанды интеллект - ұстазға көмек!
Қазір білім беру саласында жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Сәйкесінше оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында ақпаратты саралау, талдау қағидаттары ерекше маңызды.
Осыған орай Қарасай ауданы, Жамбыл орта мектебінде семинар өтті. Аудан мектептерінде бастауыш сыныптарға сабақ беретін 60-қа жуық мұғалім бас қосып, өзара тәжірибе алмасып, тиімді оқыту әдістерін талқылады. Жиында заманауи білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері де сөз болды. Педагогтер цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту жөнінде пікір алмасты. Әсіресе бастауыш білім беруде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен цифрлық мәдениетті дамыту маңызды екені айтылды. Бұл бағыт оқушылардың ақпаратты дұрыс қабылдап, оны өмірде тиімді қолдануға ықпал етеді» дейді ұстаздар.
РАУШАН МӘУЛЕНОВА
ЖАМБЫЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Қазір жасанды интеллекті ұстаздар өз сабақтарында қолданып жатыр. Өйткені өзіңіз білесіз біздің заманымызда бор мен тақта ғана білім алып жатса қазір альфа ұрпақтардың өсіп жатқанына байланысты олардың мүмкіндіктері жасандық технологияларды жақсы меңгергендіктен осы жасанды интеллект тиімді. Қандай мақсатта тиімді және ыңғайлы қолдану мақсатында бастауыш сыныптан көрсетуді мақсат қылып отырмыз.»
СӘУЛЕ БЕКБАУЛОВА
МҰҒАЛІМ
«Қазіргі заман талабына сай жасанды интеллект. Мен өзім сабақта жиі қолданамын. Балалар жай сөзбен түсіндіргеннен, көрген, естігеннен сабақта қолданғанды тез қабылдайды.»