Референдумда 9.1 млн адам дауыс берді!
Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады.
Комиссия мәліметінше, референдумға қатысу құқығына ие азаматтардың жалпы саны 12 482 613 адам. Олардың 9 127 192-сі немесе 73 пайыздан астамы дауыс берді. Референдумға ұсынылған мәселе бойынша, яғни жаңа Конституциясы жобасын қолдап дауыс берген азаматтар саны 7 954 667 адамды немесе 87,15%-ды құрады.