Қарасай ауданында 124 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді

Қарасай ауданында 124 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді.  Халық ең көп шоғырланған аймақта күтпеген қызықты жәйттер де  болды. Тұрғындар түрлі образда киініп келіп, өз таңдауын жасады. 

Таңмен таласа, дауыс беруге келген тұрғындар қатарында сүйкімді қоян мен қазақи нақышта киінген қонжық та болды. Күтпеген қонақтар көптің көңілін көтеріп, өз таңдауларын жасады. Ал енді бір референдум учаскесінде ақ жаулықты әжелер ән шырқап, шашу шашып, бата берді. 

Сондай ақ белгілі өнер тарландары да бұл іс-шарадан қалыс қалмады. Алғашқылардың бірі болып танымал театр және кино актері Болат Әбділманов дауыс берді. 

БОЛАТ ӘБДІЛМАНОВ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
«Бұл референдумды Қазақстан тарихындағы жарқын естеліктердің бірі деп есептеймін. Өйткені бұл біздің болашағымыздың, елдігіміздің, теңдігіміздің нышаны. Сондықтан осы референдумға қатысуға келдім.» 

Референдумда жастар қауымы  ерекше белсенділік танытты. Оларға арнайы сыйлықтар да қарастырылған. Ал түрік этно мәдени орталығының мүшелері Жандосов ауылында дауыс беріп, жүрек жарды тілектерін жолдады.  

ГҮЛХАНЫМ УРИШАНОВА
ТҮРІК АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ 
«Біз Түрік халқы татулықты қолдаймыз. Қазақстан аман болсын. Еліміз татулықта жасасын. Қазақстан гүлдене берсін. Болашағымыз бақытты болсын, татулықта өмір сүрсін. Бәріміз жақсылыққа жете берейік. 

Ән би күй  дауыс беруге келген сайлаушылардың көңіл күйі керемет. Таңғы сағат 7 ден бері Қарасай ауданының түкпір түкпірінде түрлі ісшаралар ұйымдастырылып, саяси науқанның көркі қызуда.  Өз таңдауын жасаған тұрғындар жәрмеңкелерді де аралауда. Әсіресе мына Қолөнер шеберлерінің көрмесін Жұрт ерекше таңданыспен тамашалап жатыр.

Қазақи нақыштағы бұл бұйымдарды Бекдайыр әулеті өз қолдарымен жасаған. Ұрпақтар сабақтастығын көрсеткен мерейлі отбасы алдымен өз брендтерін киіп келіп, немерелерімен бірге дауыс берді, артынша қолөнерлерін көпшілік назарына ұсынды. 

ҚОҢЫР БЕКДАЙЫР
ШЕБЕР
«Бүгінгі мына референдумға отбасымызбен дауыс беруге келдік. Өзімізге мемлекетімізге маңызды күн. Сосын бір ауыздан дауыс беруге келдік.»

Қарасай ауданындағы 124 сайлау учаскесінде 904 комиссия  мүшесі референдум  тәртібін қамтамасыз етті. Ал 484 бақылаушы жалпы процестің ашық әрі заңға сай өтуін қадағалады.

Сондай-ақ оқыңыз: