Талғар ауданының дауыс беру учаскелерінде бүгін таңқаларлық белсенділік байқалды
Талғар ауданының дауыс беру учаскелерінде бүгін таңқаларлық белсенділік байқалды. Тұрғындар өте көп жиналып, азаматтық міндетін орындауға асықты.
Маңызды күннің көркін арттыру мақсатында акробатикалық элементтері бар этно-шоу ұйымдастырылып, дауыс беруге келгендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен бірге белгілі спорт жұлдыздары да қатысып, саяси науқанға атсалысты. Ел болашағына бейжай қарамай, №838 сайлау учаскесіне келген танымал өнер жұлдызы Құдайберген Бекіш те болды.