Алатау қаласының тұрғындары дауыс беру учаскелеріне барып, азаматтық міндеттерін орындады
Алатау қаласының тұрғындары дауыс беру учаскелеріне барып, азаматтық міндеттерін орындады.
Қала әкімі Аркен Өтенов те сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол әрбір азамат үшін ел болашағына қатысты осындай маңызды сәтте дауыс берудің маңызы зор екенін айтты. Бұл күні түрік және күрд этностарының өкілдері де белсенділік танытты. Ұлттық нақыштағы киім киген тұрғындардың қатысуы қаладағы татулық пен бірліктің көрінісін айқындай түсті.