Қонаев қаласында ел болашағын айқындайтын референдум халық белсенділігімен өтті
Дауыс беру науқанының аяқталуына санаулы уақыт қалды. Қазіргі сәтте қала электоратының қанша пайызы таңдау жасап үлгерді?
Бұл туралы бірер минуттан кейін жауапты маманмен сұхбаттасатын боламыз. Ал әзірге, бүгінгі күннің негізгі оқиғалар хронологиясына көз жүгіртсек.Қонаев қаласындағы барлық сайлау учаскелері уақытылы жұмысын бастады. Жалпы облыста сайлауды өткізуге 4800-ден астам комиссия мүшесі тартылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған. Алғашқылардың бірі болып өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев те өз дауысын берді.