Іле ауданында дауыс беру жалғасуда
Ата-заң мемлекеттің даму жолын айқындайтын маңызды құжат. Бұл референдумға бей-жай қарай алмай, сайлау қатысуға келдік дейді Іле ауданының тұрғындары.
Байсерке ауылы өңірдегі тұрғындар ең тығыз қоныстанған елді мекендердің бірі. Сондықтан да учаскеде таңнан бері кісі аяғы сиреген жоқ. Азаматтар өз таңдауын жасап жатыр. Бүгінгі саяси науқанда ерекше белсенділік танытып келген азаматтардан референдумның қаншалықты маңыздылығы туралы пікірін біліп көрсек.
Бұл №361 сайлау учаскесінде таң ата бишілер тобы келіп, ұлттық би билеп саяси науқанға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрі үстіне ұлттық киім киіп, қолына құс қондырған ауылдың алып денелі, тау тұлғалы азаматтарымен ару қыздары орайлы сәтте дуыс ерушілермен бірге суртке түсіп жылы естелік қалдырды. Ал мұндағы толық ақпаратты учаске төрағасынан білсек.
Құрметті көрермен қазір референдум учаскесіне таңнан қазірге дейін шамамен 400 ге жуық тұрғын өз таңдауын жасады. Айта кетсек жалпы Іле ауданы бойынша таңдау жасау құқы бар азаматтардың саны 155 мың 716 адам. Оларға аудан аумағында 92 учаске қызмет көрсетеді. Дауыс беру таңғы 7:00 ден кешкі 20:00 ге дейін жалғасады.