Қонаев қаласында дауыс беру қарқынды өтіп жатыр

Қонаев қаласында референдум қарқынды өтіп жатыр. Кейбір тұрғындар ұлттық киіммен келіп, бұл күннің бірлік пен достықтың белгісіне айналғанын көрсетуде. 

«Армысыздар, құрметті көрермен! Еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын референдум жалғасуда. Біз дәл қазір Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінің алдында тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай, мұндағы халық қарасы таңсәріден бері үзілген емес. Бұл, ең алдымен, тұрғындар арасында сайлау мәдениетінің айтарлықтай артқанын және ел тағдырына қатысты мәселелерде азаматтардың белсенділігі жоғары екенін көрсетеді.. Учаскеге келушілердің құрамы сан алуан,  алғаш рет таңдау жасап жатқан жастар, ақсақалды аталарымыз,  аналарымыз да бар. Сондай ақ әр этнос өкілдерін де байқап тұрмыз. Олар өздерінің ұлттық киімдерін киіп келіп, бұл науқанның тек саяси шара ғана емес, достық пен бірліктің символы екенін көрсетіп жатқандай. Дәл қазір солардың бірімен сұхбаттасып көрсек.

АДАМ БОЙСАЕВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жалпы, Қонаев қаласы бойынша 31 учаске жұмыс істеп тұр. Қала бойынша қоғамдық көлікте қатынау тегін. Айта кету керек учаскелерде  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жағдай қарастырылған. Арнайы пандустар, тактильді бюллетеньдер мен дыбыстық нұсқаулықтар бар. Бұл әрбір азаматтың кедергісіз дауыс беруіне мүмкіндік береді.Сонымен қатар учаскелерде отандық байқаушылар үздіксіз жұмыс істеуде. Олардың мәліметінше, барлық процесс ашық өтуде. Ал енді статистикаға сүйенсек, түскі сағат 13 -00 дегі жағдай бойынша аталған учаскеде  сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс беріп үлгерген. Сонымен қатар бүгінгі сайлау науқанынада арнайы акциялар өтуде. Мәселен қала белсенділері велошеру ұйымдастырып, тұрғындарға сайлау туралы ақпарат беруде. Бұдан бөлек, шаһарда жаппай ағаш отырғызу акциясы да өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша  бүгін егілген көшеттер келешекте Жаңа Қазақстанның саялы бәйтерегіне айналады дейді. Қызықты деректер мұнымен бітпейді. Дауыс берушілер арасында еліміздің символы Барыс бейнесіндегі азаматты да кездестірдік. 

Сонымен, Қонаевтағы референдум барысы осындай қарқынмен өтуде. Бұл тек саяси процесс қана емес, әр азаматтың ел болашағына бағытталған қадамы. Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Әзірге осы, Референдум барысы туралы алдағы жаңалықтарда хабардар етеміз, студия сөз кезегі өздеріңізде…

Сондай-ақ оқыңыз: