Жамбыл ауданының тұрғындары жалпы халықтық сайлауда белсенділік танытып отыр
Жамбыл ауданыны тұрғындары жалпыхалықтық сайлауда белсенді. Ұлы отан соғыс ардагерлері де саяси шараға үлес қосып отыр. Ал жастар арасында сурдлимпиада чемпионы Андрей Самарин жастарға үлгі болыпм Қарғалы ауылында сайлауға қатысты. Сондай-ақ үшемді дүниеге әкелген ата-ана дауыс беруге балаларын ертіп келді.
Жамбыл ауданында дауыс беру таңғы сағат жетіден басталды. Аудан аумағында барлығы 80 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жергілікті халық белсенді. Учаскелік комиссия мүшелері дауыс беру барысының талапқа сай өтуін қадағалауда. Біз Мыңбаев ауылындағы 328 нөмірінші сайлау учаскесіндеміз. Дауыс беруге сегіз баланың ата-анасы Жарқын мырза мен Шолпан ханым келді.
Учаскеге келе алмайтын жандарға үйден дауыс беру жүйесі қарастырылған. Бұл әсіресе, әлеуметтік осал топтағы азаматтар, сондай-ақ ардагерлерге қатысты. Ұлы отан соғысы ардагері Федор Мелянович ешбір сайлаудан қалған емес. Биыл да үйінен дауыс берді.
Елімізге алтын әкелген Сурдлимпиада чемпионы Андрей Самарин Қарғалы ауылында нөмірі 287 сайлау учаскесінде өткен жалпыхалықтық дауыс беруге қатысты. “Бұндай саяси шараларға бейжай қарай алмаймын” - дейді ол.
АНДРЕЙ САМАРИН
СУРДЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ
“Бұндай шараларда ел азаматтары ел алдында жүруі маңызды. Біз жастарға үлгі болуымыз керек. Бүгінгі сайлауға заңның бәрімен танысып, өз таңдауымды жасауға келдім. Алда елімізге талай жеңіс әкелемін деген ойдамын”
ӘБДУЖӘЛИ ТӘЖЕН
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Аудан халқы референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын көрсетіп жатыр. Бұл халықтың саяси санасының жоғары екенін және маңызды қоғамдық шешімдерге жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады.