Райымбек ауданында ақсақалдар белсенді дауыс беруде

Таулы өлке Райымбек ауданында референдум күні қариялар белсенділік танытты. Түске дейін-ақ ауылдық ақсақалдар алқасының өкілдері түгел өз таңдауын жасады. Дауыс бергендер қатарында  ғасыр жасаған Раушан Нұрақынова да бар.

Сарбастау ауылында тұратын Раушан әже 103-ке келді. Ол бүгін өз таңдауын жасап, көлке үлгі көрсетті. Ұрпағы үшін бұл сайлаудың орны ерекше екендігін айтып, батасын берді. Ауыл тұрғындарыда әжемізге ақ жаулығын жауып, ерекше құрмет көрсетті. 

РАУШАН НҰРАҚЫНОВА
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
Сайлауларың құтты болсын! Майлы, сүтті болсын. Жақсылық жақсылыққа жалғаса берсін. Жаңа жылда жарылқасын! Ескі жылда есіркесін! Сайлауда өз даусымды бердім шырағым.

Референдум – әр азаматтың үні естілетін, ел келешегіне ықпал ететін маңызды сәт. Райымбек жұртшылығы бүгінгі тарихи күнде белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.

БЕКБОЛАТ  БІРБАЕВ 
АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Референдум бұл жерде көп өзгерістер әкеледі. Халықтың жағдайларын ойлаған бұл референдум жаңа Қазақстанда жаңа Конституция болып бәріміздің ойымыз мына енді жаңа өзгерістер елге, жерге пайдасы бар Конституция деп ойлаймыз. 

КҮЛБАРА БАШЕБАЕВА 
ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
 Бұл сайлау ерекше сайлау. Бұл сайлауға әркім, әр азаматтар өз пікірін, ойын талғайтын шығар  және мен өз ойымды талғадым.

Референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың таңдауы. Райымбек ауданында бүгінгі саяси маңызды науқанға тұрғындар жоғары белсенділікпен қатысып, бірлік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. 

Сондай-ақ оқыңыз: