Жер мен су тапшылығы қаралды
Кеген ауданында 10 мың гектарға жуық суармалы алқапқа су жетпей, ауылшаруашылық өнімінің көлемі төмендеген. Сондай-ақ, Жамбыл ауданында мемлекетке қайтарылған жер телімдері шаруаларға дұрыс бөлінбепті. Бұл мәселелер Алматы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралды. Жиналыста суару жүйесін жаңарту, жерді дұрыс пайдалану жолдары ұсынылды. Кеңес өкілдері болса өз кезегінде - бұл мәселелерді бақылауда ұстаймыз деді.
ҚАЗЫБЕК ДӘУІТӘЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
«...Түйткілді мәселелерді аудан ауданнан жинап әкеп қолдарына ұстатып енді барлығы 100 процент шешіліп кетпейді бірақ осылардың едәуір бөлігі шешілуінің өзі кәдімгідей. Ол мынау қоғамдық сұрақтардың бейжай қалмауы халық үніне құлақ асудың бір көрінісі деп ойлаймын»