Әр жаяу жүргінші бақылауда!

Әр жаяу жүргінші бақылауда! 12 наурыздан бастап бейнекамералар жол ережесін бұзғандарды ғана емес, өзге де әкімшілік құқықбұзушылықты тіркейді.

Бұл үшін бұрынғыдай хаттама толтыру міндетті емес. Мәселен, белгіленбеген жерге қоқыс немесе темекі тұқылын тастағандарға он айлық есептік көрсеткіш, яғни 43 мың 250 теңге айыппұл қарастырылған. Ал жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткендер 8 мың 650 теңге төлейді. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін белгіленген уақыттан тыс сатушыларға қатаң шара қолданылады. Жалпы, Алматы облысында бас-аяғы 10 мыңнан астам камера орнатылды.

ДИМАШ ҚОЖАБЕКОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қоқысты жерге тастағаны үшін немесе  тұрмыстық қалдықтарды кез келген жерге үйіп кеткені үшін, сондай-ақ ғимарат аумағын дұрыс күтпегені үшін де жауапкершілікке тартылады.  Енді мұндай жағдайда айыппұл салу құқығы:қалаларда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне, ал ауылдарда әкімдерде құқық бар. Егер әкім болмаса, бұл міндетті оның орынбасары атқара алады. Яғни олар мұндай заңбұзушылықтарға қатысты шараны бейжай қалдырмауы керек.

Сондай-ақ оқыңыз: