Донор болып өмір сыйла !
Донор болып өмір сыйла. Еңбекшіқазақ ауданында өткен «Донор» ашық есік күнінде 100 ге жуық азамат тегін қан өткізіп, мұқтаж жандарға қол үшін созды. Игі шара Алматы облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Шелек ауылындағы №1 орталық ауруханаға ала таңнан келіп, ерікті түрде донор атанғысы келгендердің қарасы аз болмады. Олар тіршілік түйіршігіне зәру науқастарға көмек қолын созу қоғам алдындағы азаматтық парызымыз дейді. Соның бірі ауыл тұрғыны Данияр Байсейітов. Ол 4 жылдан бері тұрақты донор атанып келеді.
ДАНИЯР БАЙСЕЙІТОВ
ДОНОР
«Мен 4 жылдан бері қан тапсырып келе жатырмын. Негізі алматыға барып өткізіп жүретінмін. Міне ауылымызға келіпті. Соны естіп келіп қан тапсырып отырымн. Бұл өз денсаулығыма да жақсы. Қан қысымы тұрақты болып тұрады»
ЛӘЗЗАТ ЖОМАРТОВА
ДОНОР
«Бүгін мына ораза айында қан тапсыруға өз еркімізбен келдік. Сол бұл өз денсаулығымызға пайдалы. Екіншіден қанша мұтаж жан бар осы қан қажет қылатын. Соларға көмек болсын деп келдік»
Жасушаны үнемі жаңартып, уақтылы қан тапсырып тұрудың адам ағзасына пайдасы зор дейді ақхалаттылар. Яғни, әр түрлі қауіпті аурулардың алдын алумен қатар, артық салмақтан арылуға да көптеп көмегі тиетін көрінеді. Десе де, донор атанудың да өз шарты бар.
Орталыққа келіп тегін қан тапсырудың да өз талап шарттары бар. Мұнда келген азаматтардың жасы 18 ден, салмағы 50 келеден асқан болуы тиіс. Әрі салмақты науқастармен яғни онкологиялық және бауырдың жүректің созылмалы ауруларымен ауырмаған болуы керек. Оған қоса соңғы үш күнде антибиотик дәрі дәрмек қабылдамаған болуы шарт.
ГҮЛЖАН МАКЕЕВА
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Инфекциялық аурулары бар яғни вич гепатит сияқты науқастары бар адамдарға жәнеде жүкті әйелдерге 18 жасқа толмаған балаларға қауіпті окологиялық аурулармен ауырып жүрген науқастарға тапсыруға болмайды»
Ал мүптият патуасына сай ауызы берік жандар да қан тапсырып еселеп сауап жинай алады. Облыстық қан орталығына жиналған қан аймақтағы медециналық ұйымдарға қажетке қарай жіберіп отырады.