Жамбыл ауданы,Үмбетәлі ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Жамбыл ауданы,Үмбетәлі ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.

Жаңа емдеу мекемесі бір ауысымда 25 адамды қабылдай алады. {(Видео) }Ғимарат заманауи медициналық құралдармен толық жабдықталды.  Мұнда 14 медицина қызметкері жұмыс істейді. Сонымен қатар, стоматологиялық қызмет те іске қосылған. Бұған дейін амбулатория ескі әрі тар ғимаратта орналасқан еді. Сол себепті ауыл тұрғындары көп жағдайда аудан орталығына барып емделуге мәжбүр болатын. Енді қажетті ем-шара жаңа мединицанылық мекемеде көрсетіледі. 

ӘУЕЛБЕК ЫСҚАҚ
ҮМБЕТӘЛІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Үмбетәлі ауылының халық саны өсіп келе жатыр. Қайта-қайта Ұзынағашқа шапқылап, Біресе қарғалы больницасына шапқылап жүруші еді. Енді осы жердің өзінде ақ қажетті емдерін алып, қажетті жағдайларын жасап өздерінің емделуіне жағдай туып тұр».

Сондай-ақ оқыңыз: