Қонаевта «Құқықтық сауаттылық және қауіпсіз отбасы» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды

Қонаевта «Құқықтық сауаттылық және қауіпсіз отбасы» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Мамандар күнделікті өмірде жиі кездесетін даулы жағдайлардың заң аясында қалай шешілетінін нақты мысалдармен баяндады. {(Видео) }Бүгінде тығырыққа тірелген талай жан «111» қызметінен медет іздейді. Бұл қоғамдағы әлеуметтік түйткілдер мен отбасылық мәселелердің әлі де өзекті екенін көрсетеді. Соңғы бес айда желіге бала қауіпсіздігі, психологиялық күйзеліс пен тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына қатысты 62 хабарлама түскен. Сарапшылардың айтуынша, балаларға жасалатын қысым негізінен жақын ортадан шығады. Ал жәбір көргендердің көбі үнсіз қалады. Бірі – қорқыныштан, бірі – агрессорға тәуелділіктен. Бұл үнсіздік қылмыстың жалғасуына жол ашатын ең қауіпті фактор. Ең маңыздысы  жәбірленуші дер кезінде көмекке жүгінуі керек дейді мамандар. 

ЛӘЗЗАТ РАҚЫШЕВА
"HUMAN RIGHTS LAWYERS" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Біздің Қазақстанда көп орталықтар бар, жаңағы отбасын қолдау орталықтары. Соның мысалы тегін көмек береді, тегін заңгерлік, жаңағы психологиялық көмек көрсетеді, бірақ та соны халық білмейді. Соны біз айтып, барған жерде осылай өздеріңнің құқықтарыңды таптатпай, жаңағы, мысалы полицияға қай уақытта беру керек, қандай арыздар беру керек, оған қандай дәлелдемелер бар, сол туралы ақпараттандырамыз»

Сондай-ақ оқыңыз: