Талғар ауданында қыз тәрбиесіне арналған ауқымды іс шара өтті

Талғар ауданында  қыз тәрбиесіне арналған ауқымды іс шара өтті. Мұнда қыз балалар ас пісірудің қыр сырын меңгеріп, қолөнер шеберліктерін көрсетті. Әрі қасиетті айда ерікті оқушылар бастамасымен аз қамтылған 30 отбасына жалпы құны 1 милион теңгеге жуықтайтын қайрымдылық қоржындары үлестірілді.

Іс-шара  Жаңалық ауылындағы ауылындағы №27 орта мектепте ұйымдастырылды.Қонақтар әуелі «Шебер қол – мейірім жолы» атты қолөнер көрмесін тамашалады. Мұнда шәкірттер жасаған ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.

АНЕЛ РАХМЕДИЕВА
ОҚУШЫ
«Біз екі жылдан астам уақыттан бері 8 қыз осы өнер тобына қатысып жүрміз. Біз мұнда өзімізге керекті заттарды өзіміз тоқып аламыз. Біз бірінші ретте бір қатар тоқуды содан кейін қос қабат тоқуды одан ары бұрыштарды шығаруды үйрендік. Қазір сөмкелер де тоқи аламыз.»

Қазақ қыз тәрбиесін бәрінен жоғары орынға қойып он саусағынан өнер тамған шебер, бармағынан бал тамған аспаз болуға бала жасынан баулыған. Сондықтан мектепте қыз балаға аса қажетті ас пісіруден шеберлік сыныптары да жыл бойы ұйымдастырылады. Бұл күні оқушылар өз аналарымен бірге ұлттық тағам дайындаудың қыр-сырымен бөлісті. 


НҰРАЙ ӘЛИ 
ОҚУШЫ
«Бұл «Үлпершек» деген ұлттық тағам. Бұл тағамды анасы ұзатылып кеткен қызына жасап береді. Ондағысы біз сені ұмытпаймыз. Сен бізбен біргесің деген мағына береді.»

НАЗЕРКЕ НОҒАЕВА
ЖАҢАЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Бұл жерде біз жылқының жүрегін алдық. Оған жылқының сүрленген еті мен қазы тағы қойдың құрық майы керек.  ұмытылып кеткен қазақтың бағзы тағамы. Мұны ұнға салып сақтайды. Осы кәделі тағамды қызыма үйретіп ұлттық құндылығымызды дәріптеп отырмыз. »


Бұл шарада - көнеден келе жатқан ұлттық ғұрып сабақтастығын сақтап, ана мен қыз арасындағы рухани байланысты нығайту. Әрі ұлттық тәрбиені жаңғыртып отбасы институтының рөлін арттыруды көздедік дейді ұйымдастырушылар. 


АЙНҰР ЖАБАЕВА 
ҰСТАЗ
«Қазіргі таңда қыз баланың тәрбиесі өте өзекті. Себебі қарап тұрсақ қыз балалар өзінің нәзіктігін жоғалтып жатыр. Біз сондықтан қыздардың маторикасы дамысын деп, қыз бала болашақта ана болады деп бастауыштан бастап жоғары сыныптарға дейін осындай түрлі өнер сыныптарын қолға алып жатырмыз.»

Бұған қоса мектеп еріктілері қолға алған қасиетті рамазан айындағы «Мейірім марафоны» атты қайырымдылық шарасы да қортындыланлды. Акцияға ата-аналар мен кәсіпкерлер де белсене атсалысты. Сөйтіп қайрымдылық қоржынына жалпы құны бір милион теңге шамасындағы азық түлік пен тұрмыстық заттар жиналып, көмекке мұқтаж 30 отбасына теңдей үлестірілді. 

АИДА РИМОВА
ЕРЕКШЕ БАЛАСЫ БАР АТА-АНАЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
 «1 милион теңгеден аса болатын прадукті жиналған. Ол бідің ерекше бала тәрбиелеп отырған ата аналарына және жалғыз басты аналар көп балалы аналарға ораза айында кәдімгідей көмек. Алла разы болсын! Барлық ерекше балалар ата аналары одағының атынан мейрімді марафонға қатысқан кісілерге алғысым шексіз.»

Игі шара соңы аналар күніне арналған мектептегі жас өнерпаздардың  көңілді концерттік бағдарламасымен түйінделді. 

Сондай-ақ оқыңыз: