Өңіраралық ынтымақтастық нығаяды
Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Ресейдің Новгород облысы делегациясы аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевпен кездесіп, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.
Кездесуде аймақтар арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қаралды. Бүгінде Алматы облысында ресейлік капиталдың қатысуымен өнеркәсіп, логистика және энергетика салаларында бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді. Басқосуда ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінде бірлескен жобаларды іске асыру және сауда көлемін арттыру қажеттігі айтылды.
ЕВГЕНИЙ БОГДАНОВ
НОВГОРОД ОБЛЫСЫ ГУБЕРНАТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
«Біздің мақсатымыз экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Біз Алматы облысы кәсіпкерлерімен іскерлік байланыс орнатуды көзде йміз. Делегация құрамында мұнай-газ жабдықтары, жиһаз, өндірістік құрылғылар мен азық-түлік өндіруші компаниялар бар. Болашақта бірлескен кәсіпорындар ашу мүмкіндігі де қарастырылады»