Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында инфрақұрылым мәселесі әлі толық шешілмей келеді

Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында инфрақұрылым мәселесі әлі толық шешілмей келеді. Бірқатар көше жөнделмеген. Газ тарту жұмысы аяқталар емес. Бұған қоса,электр жарығы  да жиі сөнеді. Ал, көпті  алаңдатқан  бұл мәселе қашан шешілмек?

Былтыр Шелектегі  Әбдікерімов, Жібек жолы, Абай, Малай батыр және Момышұлы көшелерін орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жоба құны - 4 млрд теңге. Оның 1,7 млрд теңгесі игерілген. Алайда жұмыстың аяқсыз қалғанына тұрғындар наразы. 

БАҒЛАН БОЖБАНОВА 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«Қараңызшы, мына көшеден былай қарай шаң-топырақ көктемде. Қазір су болып жатыр білінбейді. Мына жақта бар әлі жасалмаған көшелер. Оалрдың срогы бар щығар. Ұтып алған мердігер компания срогын қяоды ғой. Біз мына жылы көшелерді аяқтап қолданысқа береміз. Былтыр жазда мен келдім Шелекке. Бірнеше жолдарды жауып тастады. Біз ойладық ремонт болып жатқан шығар деп айналып өтіп жүрдік. Енді ол көшелердің де мен жаңа біткенін көрген жоқпын.»


ҚУАТ ӘБДІӘКІМОВ 
ШЕЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Биылға біз 17 көшені кіргіздік конкурсқа. Оны биыл Құдай қаласа күн жылығаннан кейін бастайды. Мердігер ұтқан компания бастайды. СКЛ.Бізде тендер екі жылдық болғанымен былтырғы жылы крупнозернистый асфальт төселінді. Биыл күн жылып неғылған соң, мелкозернистый төсейді. Сонымен толық өткізіп береді. Негізі 25-26, екі жылдық договор ғой.»

Ал ауылды газбен қамту жұмысы 2017 жылы басталғанымен көгілдір отынға қосыла алмай, әлі күнге көмір жағып отырған  тұрғындар бар. Бұл жағдай  жаңаықшамаудандарда жиі кездеседі. «Көмір бағасы тұрақсыз» - дейді Ергелді Тоқтарұлы. 

ЕРГЕЛДІ ТОҚТАРҰЛЫ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«2014 те сызбаға кірмей қалған сол 2-3 үй кірмей қалған екен сонда. Кірмей қалған. Біз астанаға арыз жазасың. Біз жолдаймыз. Сонда жауап береді деді. Былтыр жазда жазғанмын ол арызды. Күзде барсам ол әлі шешім шықпаған. Содан әкімшілікке екі рет бардым былтыр күзде. Енді осы үш үй ғана қалды. Газ тартпайсыздар  ма. СКЛ. 28-30 мың болды. Аха тоннасы. Аха тонналап алып қоямыз. Мына жерде жас семьялар бар, көпбалалы семьялар бар. Енді бар адамға мейлі. Жоқ адамға, өзінің ас-тамағын әрең тауып жатқан адамдарға оның өзі оңай тұрмайды.»

ҚУАТ ӘБДІӘКІМОВ 
ШЕЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазіргімен бізде мынау Май ауылы ғана қалып тұр. Сосын мына жаңа микрорайон бар бізде больницаның тұсында. Ол жерде уже газ берілді. Қазір енді қосылып жатыр адамдар ақырындап. Постепенно қосылып жатыр. Өйткені ол қаражатты талап етеді ғой. 
-Қанша қаражат бөлінді?
Оны біз білмейміз, оны мердігер компания өздері айтады. Қосылауы бар, материалы бар, басқас ы бар. СКЛ. 40 пайызы қосылды Шелектің ішінде. 40 пайыздан астам қосылды.»

Әкімдік биыл бес көшенің құрылысы мен газбен қамту жұмыстарын толық аяқтаймыз деп уәде берді. «Ал қалған 17 көшенің жөндеуіне қосымша 5 млрдқа жуық қаржы мен уақыт қажет» - дейді. 

Сондай-ақ оқыңыз: