Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде 55 отбасы баспаналы болды
Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде 55 отбасы баспаналы болды. Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді.
РАИСА МЫРЗАЖАНОВА
БӘЙТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Өте қуанышытымыз. Бұл пәтерді біраз күттік. Өзім ерекше баланың анасымын. Әрі жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Ерекше балам қазір 14 жаста. Енді қоныстой жасап, анама осы үйді көрсеткім келеді. Армандар орындалатынын бәріне жеткізгім келеді»
Талғар ауданында 10 мыңнан отбасы тұрғын кезегінде тіркеуде тұр. Оның сегіз мыңға жуығы әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Президент әрбір азаматтың тұрмыс сапасын арттыру маңызды, жастар мен мұқтаж жандарға баспананың қолжетімді болуы тиіс екенін баса айтқан.
Пәтердің әр шаршы метрі 375 мың теңге. Әлеуметтік осал топтағылардан бөлек кез келген азамат үйлі бола алады. Мәселен, Бесағаш, Панфилов, Тұздыбастау сынды ауылдық округтерде көпқабатты үйлер бой көтеріп келеді. «Үй кезегінде тұрғандар биылдан қалмай құтты мекендеріне жайғасады»-дейді аудан басшысы.
ТАҢАТ АЙДАРБЕКОВ
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Мемлекет бюджетнен бөлінген біздегі Талғар қаласында 72 пәтерлі тоғыз қабатты үш үй осы жылы беріп жатырмыз. Олар арендный үй отбасы банктен. Одан бөлек 9 қабатты үйіміз бар 72 пәтерлі. Олар осы жылы жұмысын жалғастырады. Ал жекеменшіктен соғылып жатқан бізде СКЛ 100 ге жуық деп те айтсам болады.»
Сондай ақ осы айда кезекте тұрған және 25 азамат үйлі болады. Оның қатарында мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме мамандары да бар.