Шонжы ауылында қоныс тойы тойланып, бір күнде 17 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Қарадала өңірінде де қуанышты жаңалық. Шонжы ауылында қоныс тойы тойланып, бір күнде 17 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Бұл – талай жылдан бері өз шаңырағын аңсаған жандар үшін ерекше сәт, қуаныш пен үмітке толы мереке болды.

Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Бұл ретте Қарадала өңірінде жүйлі жұмыс атқалып жатыр. Салтанатты рәсімде ауыл ақсақалдары мен аудан басшылары пәтер илелерін құттықтады.  

АЛИМЖАН ХУСУРОВ 
ҰЙҒЫР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
« Бұл үйлер Үкіметтің қолдауымен салынған. Алдағы уақытта да осындай тұрғын үйлерді табыстау жұмыстары жалғасын табады. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі»

Салтанатты рәсімде жаңа пәтерлердің кілті 17 азаматқа табысталды. Қазақтың игі дәстүрі бойынша ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жаңа қоныс иелеріне ақ батасын берді. Бұл сәт жаңа үй иелері үшін  ерекше қуаныш.

ВЛАДИН СРАЖДИНОВ
АУДАН ТҰРҒЫНЫ  
«Бүгін міне осындай бір жақсы қуанышқа жетіп отырмыз, баспанаға жеттік. Өзім ауған соғысының ардагерімін. Шынын айтсам, осы күнді 36 жыл күткенмін. Бүгін, Аллаға шүкір, қасиетті ораза айында баспаналы болып отырмыз. СКЛ  Осындай мемлекеттік бағдарламалардың арқасында халыққа үйлер беріліп жатыр. Өте қуаныштымыз»

Ұйғыр ауданында тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соңғы екі жылда аудан бойынша барлығы 76 тұрғын үй пайдалануға берілді.Қазіргі таңда аудан бойынша 2600-ден астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз: