Жамбыл ауданында 16 отбасы жаңа баспананың иесі атанды

Жамбыл ауданында 16 отбасы қоныстой қуанышына бөленіп, жаңа баспананың иесі атанды. Отау кілтін әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ауыл басшылығы салтанатты түрде табыстады. Үй кезегінде тұрған азамат көп.Пәтерден-пәтерге көшіп, қоныс той жасауды армандайтын жан қаншама?!Қуанышты сәтте алты баланың анасы Ғалия Баймолдаеваның көңіл толқуы ерекше сезілді.

ҒАЛИЯ БАЙМОЛДАЕВА 
АУДАН ТҰРҒЫНЫ 
Көп баламен пәтерде тұру әрине қиын. Өйткені көп жер де ала бермейді. Пәтер ақысы да біраз болды енді. Қымбпттпу болды. Сондықтан енді өз үйіміз болып қуанышты болып тұрмыз. Үйді енді өзімізге жаққаны осы Ұзынағаш деп таңдағанбыз басынан. Ұзынағаштан берсе екен деген тілеуіміз болған өзімізді.

НҰРЛАС ЕРТАС 
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 
Кейінгі заңға сәйкес әкімдік емес, әр адамның төлеу қабілетіне қарай отбасы банк арқылы ғана тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Алдағы уақытта біз 270 ден аса пәтердің кілтін пәтер иелеріне беруге мүмкіндік туындап отыр. Себебі қайталап айтамын, әлеуметтік осал топтарды мемлекеттік басты саясатты қолдауы әрине. Оған толық мүмкіндігіміз бар.

Ауданда көпқабатты үйлер  бой көтеріп келеді. Әлеуметтік осал топтағылардан бөлек кез-келген азамат тұрғын үй несиесімен үй ала алады. Сондай-ақ аудандық тұрғын үй шаруашылық бөлімімен келімшартқа отырып, үйді жекешелендіруге де мүмкіндік бар.

ҚАЙСАР ӘБСЕЙІТОВ 
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ 
БАСШЫСЫ
Бүгінгі күнде 62 үй бердік. 22 үй дайын тұр. Оның тізімін отбасы банктен күтіп отырмыз. Қосымша 272 үйді қабылдап алып жатырмыз. Және ипотекалық бізде бағасы 160 мың тенгеден мысалы квадраты 75 квадрат. Енді максимально 12 млн болатын тұрғын үй 80 пәтерді дайындап отырмыз. Ол уже кезекте тұрған азаматтардың бәріне, мемлекеттік, бюджеттік мекеме қызметкерелі немесе әлеуметтік осал топтар болсын ипотекалық бағдарламаға қатысады. Егерде бастапқы жарнасына қаржысы болмаса біз аудан бөлімі тарапынан төлеп беріледі.

Жамбыл ауданында тұрғын үй кезегінде алты мыңнан астам отбасы тіркеуде тұр. Оның үш мың сегіз жүзі – әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Жылдар бойы күткен арман орындалып, енді тұрғындар жаңа баспананың табалдырығын аттады. Қуанышты сәтке бірге куә болайық

75-90 пен шаршы метрлік  үйлердің барлығы инженерлік және  коммуналдық жүйеге жалғанды. Бөлмелері кең әрі  жарық.  

САНАБАР ҒАДАЕВА 
АУДАН ТҰРҒЫНЫ 
Алты балам бар. Бұрын квартирада тұрдық Қарғалыда. СКЛ. Сол осы жақында үйлі болдыңыз деп хабар келді. Соған қуанышты болдық отбасымызбен. Көп-көп рақмет.

Аудан орталығында салынған үйлердің құрылысы аяқталуғ жақын.  Биыл 480 отбасыға үй кілттері  табысталады деген жоспар бар.

Сондай-ақ оқыңыз: