Жалған стоматологиялық қызмет

Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаментінің қызметкерлері көрсетілмеген төрт жарым мыңнан астам стоматологиялық қызметті анықтады.

Тергеу мәліметінше, жекеменшік тіс емдеу клиникалары желісінің директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен 450 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасаған. Алайда тексеріс барысында «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізілгені белгілі болды. Онда пациенттерге тиісті  ем көрсетілді деп жазылған. Нақтысында,  пациенттер ешқандай қызмет алмаған. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданды.

МЕРУЕРТ ЕРКІНҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ 
есептік жүйелерін және бұрын жүгінген кәмелеттік жасқа толмаған науқастардың ақпараттарын «Дамумед» ақпараттық жүйесіне көрнеу жалған енгізген. Соның нәтижесінде 66 млн.теңгеге шығын келтірілген. Барлығы көрсетілмеген қызметтер соны  
4597 екені анықталды»

Сондай-ақ оқыңыз: