Көкөзектегі «Жайлы мектепте» «Жаратылыс ғажайыптары» апталығы өтті

Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылындағы «Жайлы мектепте» оқушыларға арналған «Жаратылыс ғажайыптары» атты апталық өтті. Оқушылар түрлі химиялық қоспаларды тәжірибе арқылы жасап көріп, зертханалық жұмыстарға қатысты. Ал биология кабинетінде микроскоп көмегімен көзге көрінбейтін тіршілік әлемінің құпияларымен танысты. Мұндай тәжірибелік сабақтар балалардың ғылыми ойлау қабілетін дамытып, болашақта ғылым саласын таңдауға жол ашады. Сонымен қатар, оқушылар заманауи технологиялармен жұмыс істеуді үйреніп, жасанды интеллекті меңгерудің алғашқы қадамдарын жасауда. Аталған мектеп пен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Екіжақты келісімнің нәтижесінде мектеп оқушылары жоғары оқу орнының заманауи зертханаларын пайдаланып, ғылыми жобалармен айналысуға мүмкіндік алды.

МАНСҰР БЕЙСЕМБЕК
ОҚУШЫ
«Оқушылардың болашаққа деген ғылымға деген алғашқы қадамдарынің бірі болып отыр. Мақсатвмыз химия биология пәнінің тек қана кітап бетімен ғана емес, кітап бетімен оқып теория ғана емес сонымен қатар университеттердегі заманауи мына зертханаларда оны практика жүзінде жеткізу болып табылып отыр. 

МҰХАМЕТҚАЛИ МАТАЕВ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ
« Қазір технологиялар қатты дамуда. Бұл жаңағы қарапайым зертханалық ізденістен үлкен технологияға жету деп ойлаймын. Оған осы мектептің тарапынан жасалып жатқан іс шаралар, бұл үлкен болашағына беретін деңгей деп ойлаймын»

Сондай-ақ оқыңыз: