Қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған «Рамазан сыйы» марафоны Жамбыл ауданында жалғасты
Қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған «Рамазан сыйы» марафоны Жамбыл ауданында жалғасты. Аудан орталығы Ұзынағаш ауылындағы «Шынасыл» мешітінде мұқтаж отбасыларға жүз азық-түлік себеті табысталды. Қайырымдылық шарасы – ізгілік пен жанашырлықтың айқын көрінісіне айналды. Тұрғындар көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін алғыс айтты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін игі бастамаға жергілікті кәсіпкерлер де белсенді атсалысып келеді. Жалпы қайырымдылық акциясы аясында еліміз бойынша 35 мың отбасыға көмек көрсету жоспарланған.
МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВ
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Жалпы облыс бойынша 200 ден астам отбасыға азық-түлік себеттері таратылып қойды. Бұл зекет қорының істелініп жатқан үлкен ауқымды шара. Жыл сайын Рамазан айында өтеді. Жалпы біз осы Рамазан айында 250 мыңға жуық отбасыны азық-түлікпен себеттерін таратқан болатынбыз»