Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, Қонаев қаласындағы учаскелерді аралады
Алматы облысында маңызды саяси науқанға дайындық қызу. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, Қонаев қаласындағы учаскелерді аралады. Басты талап заңдылықты сақтау. Әрбір азаматқа, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар жандарға дауыс беруге қолайлы жағдай жасау.
Жұмыс сапары барысында Нұрлан Әбдіров ең алдымен референдум учаскелерінің техникалық жабдықталу деңгейіне назар аударды. Нысандардың дайындығын көріп, кейін жергілікті комиссия мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосуда әрбір учаскенің заманауи құралдармен толық қамтылуы және сайлаушылар үшін ешқандай кедергі болмауы қажеттігі айтылды. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін дауыс беруіне басымдық беріліп, инклюзивті орта қалыптастыру мәселесі басты орынға қойылды.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ
ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Жергілікті атқарушы биліктің тікелей міндеті әрбір өңірдегі учаскелерді материалдық-техникалық жағынан толыққанды қамтамасыз ету. Бұл жерде мүгедектігі бар адамдар үшін де, ол пандустары бар, тактильдік тақтайшалары бар және лупасы бар, компьютер болу керек жеке құлақпен еститін несімен бірге. СКЛ Біз үш этапқа бөліп тастадық. Ең алдымен кәсіби деңгейде жұмыс істейтін аумақтық комиссияларды оқыттық офлайн, онлайн. Одан кейін ол комиссиялар учаскелік комиссиялар төрағаларын орынбасарлары мен хатшыларын оқытты. Қазір үшінші этапта енді мүшелерін оқытып жатыр»
Биылғы референдумда инклюзивті орта қалыптастыруға ерекше күш салынған. Көзі нашар көретін азаматтар үшін Брайль трафареттері мен арнайы ақпараттық стендтер дайындалған. Облыс бойынша барлығы 694 комиссия жұмыс істейді. Оның 12-сі аумақтық болса, қалғаны учаскелік деңгейде қызмет көрсетеді. Бұл іске 4800-ден астам маман жұмылдырылған. Облыс көлемінде 1 миллион 30 мыңға жуық тұрғын дауыс беру құқына ие.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ
ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Бізде әрбір учаскеде қазір тізімдер бар. Комиссия республика бойынша айтқым келіп отыр, республика бойынша барлық 10411 комиссия учаскелік өз жұмысын бастап кетті. Сол себепті дауыс беретін біздің ҚР азаматтары мен азаматшалары СКЛ сол учаскеде бар ма, жоқ па соны анықтау керек»
Учаскелерде Жаңа Ата заң жобасының мәтіндік және аудио нұсқалары екі тілде ұсынылған. Тұрғындарға QR-коды бар дербес шақыру қағаздары таратыла бастады. Референдум өтетін күні облыста 30-ға жуық инватакси мен 15 сурдоаудармашы кезекшілік етеді. Қазірдің өзінде денсаулығына байланысты 300-дей адам үйден дауыс беруге өтінім берген. Ал саяси науқанның тазалығын 16 қоғамдық ұйымның байқаушылары қадағалайды