Қарасай ауданындағы Лев Толстой атындағы мектепте инклюзивті кабинет ашылды
Қарасай ауданында мектеп түлектерінің қолдауымен Лев Толстой атындағы мектепте инклюзивті кабинет ашылды. Заманауи орталықта ерекше балаларға арналған дене шынықтыру мен сенсорлық жүйені дамытуға арналған құрал жабдықтар қойылған. Арнайы білімді қажет ететін оқушыларға кәсіби мамандары сабақ береді.
Бұл кабинетте кәсібі дефектолог пен логопедтер жұмыс істейді. Олар ерекше жеткіншектерді қатардай қалмай, әлеметтік ортаға бейімделуі жәрдемдеседі. Мұндаға 12 балаға 7 арнайы маман бекітілген.
ГҮЛЖАХАН КЕҢІЗБАЕВА
Л.ТОЛСТОЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Бұл балалардың қоғамға бейімделуін, әлеуметтік жағдайын, күнделікті тұрмыста қолданатын іс әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында ашылды. Балалардың ерекшелігі мен дамуына қарай 45 минуттық сабақ кезінде 20-15 минутқа осы жерге алып келіп, ойларын бөліп бой жазып кетеді»
Оқу жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен педагогтер оқушылардың даму деңгейін бағалап, сөйлеу тілі мен танымдық қабілеті, зейіні мен мінез құлқын жан жақты зерттеп, зерделейді. Артынша жоспарға сай топтық және жеке сабақтар өткізіледі.
НАЗЫМ БИҒАРАЕВА
ДЕФЕКТОЛОГ
«Кабинетімізді 5 ойын алаңына бөлдік. Бірінші мына ойын алаңымыз дамытушы ойыншықтар. Бұл жерде балалардың ой қиялы дамиды. Материалдық заттарды ұстап үйретеміз. Санап, жазып үйретеміз. Ал мынау қолдағы ұсақ моторикаларды, саусақтағы сипап сезу мүшелерін дамытуға арналған бұрыш»
Кабинетте балалардың ақыл-ой өрісі мен дағдыларын дамыитуға мүмкіндік жеткілікті. Ал бағдарлама әлемдік әдістемелерге негізделіп жасалған. Қазір ауданың 9 мектебінде инклюзивті түзету кабинеттері жұмыс ашылған. «Маман тапшылығы жоқ. Білім беру нысандарында 40 дефектолог, 48 логопед пен 50 ден астам арнайы маман жұмыс істейді»,- дейді жауаптылар.