Бесағаш ауылында тағы лай көшкіні жүріп, «Бурабай» коттедж қалашығы тұрғындарына қауіп төндірді
Талғар ауданы, Бесағаш ауылында тағы лай көшкіні жүріп, «Бурабай» коттедж қалашығы тұрғындарына қауіп төндірді. Бұл жолы да жоғарыдан сырғыған топырақ №8-інші үйдің ауласына түсті. Салдарынан қосалқы құрылыс нысаны қирап, үй қоршауына зақым келді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, 17 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 2015 жылы аталған коттедж қалашығының аумағы техногендік тұрғыдан қауіпті аймақ деп танылған. Еске салсақ, Бесағашта осындай жағдай бір ай бұрын болды.
БАҚЫТ ОРАЗҒАЛИЕВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
2021 салдым осы үйімді. 2023 жылы тау құлады. Ол тау құлағанда жоғары жақтағы кәріз суларынан болды деп анализге бердік, сол кезде палочкалар шықты деді. Сол құлаған. Үйреніп алғанбыз уже. Адам шығыны жоқпа дейміз де жүре береміз.
ЕРНАР ЖҮНІСОВ
БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Жоғары жақтан су аз келсін деп біраз нәрсе жасадық. Біраз ақша салдық, біраз нәрсе жасадық. Стенаны былтыр создық. Ол болмаса мына үйдің ешқайсысы сау қалмайтын еді ғой. КазНИСА қортындысын береді. Алла бұйыртса 4 күн шығады. Қорытынды шыққаннан кейін ЧС жарияланамекен ол қорытындыға байланысты.