Қарасай ауданында үй кезегінде тұрған 26 тұрғын баспаналы болды
Қарасай ауданында үй кезегінде тұрған 26 тұрғын баспаналы болды. Пәтер кілтін алғандар қатарында әлеуметтік осал топ өкілдері, көп балалы отбасылар мен балалар үйінің түлектері бар. Ауданда баспаналы болған тұрғындар саны жыл сайын артып келеді.
Көптен күткен баспанасына қолы жетіп, қоныс тойын тойлағалы отырғандардың бірі Мамановтар әулеті. 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған отбасы бұл қуанышты 9 жыл күткен. Жылдар бойы жалдамалы пәтер паналап, өз шаңырақтарына қолы жеткен жанұя «Үй кезегінің келгенін естігенде сенер-сенбесімізді білмедік» дейді.
СЕРІК МАМАНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«9 жыл бойы күткен үйімді алып жатырмын. Осы күні берледі дегенде осы күнді күтіп, уақыт өткізе алмай кеттік ғой. Осы күнді күтіп, уақыт өткізе алмай кеттік ғой. Сағат тоқтап қалған сияқты болды ғой минутқа дейін. Күшті әсерде болдық қуанып, жүгіріп үйде»
Соңғы жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында Қарасай ауданында тұрғын үй құрлысы қарқынды жүріп жатыр. «Нәтижесінде кезектегі отбасылардың мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді» дейді аудан әкімі.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Былтырдан бері біздің ауданда 160 тай пәтер таратылды. Бүгін 25 пәтер тараттық. Алдымызда тағы 265 пәтер дайын тұр. Отбасы банк өзінің тексеру жұмыстарын жүргізіп, 1-2 айда халыққа тарататын боламыз. +Соңғы жылдары 150-200 пәтерден таратып отырмыз. Сол қарқынды ұстап тұра береміз деп ойлаймыз.»
Қазір ауданда 6000 нан астам адам үй кезегінде тұр. Биыл 300 ге жуық тұрғын баспаналы болады дейді жауаптылар.