12мың түп ағаш отырғызылады
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қаскелең қаласындағы Белинский атындағы орта мектепте эко-диалог өтті. Білім шаңырағында агрокластар бар.
Оқушылар ағаштар мен гүл өсіріп, туған өлкесін жасылдандыруға өз үлестерін қосады. Жалпы ауданда тазалық шаралары тұрақты өткізіледі. Өткен жылы ұйымдастырылған 40-тан аса сенбілікке 35 мың адам қатысқан. Сонымен қатар, 10 000 түп ағаш отырғызылды. Ал «Таза Қазақстан» акциясының келесі кезеңі наурыз айының ортасында басталады
ӘКЕЖАН ЖАҒЫПАР
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«12 мыңға жуық ағаш егу жоспарда. Жалпы Қарасай ауданы тұрғындарымен оқушыларды, және де бүткіл біздің аудан тұрғындарын осы Таза Қазақстан акциясы сенбілігіне шақырамыз»