Заманға лайық жаңару

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген  сенат депутаты, коалиция мүшесі  Жанболат Жөргенбаев Шелек ауылындағы, политехникалық коледж ұжымымен кездесті.

Сенатор конституцияны жаңартудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Оның айтуынша, реформалар қоғамдағы құқықтық нормаларды нығайтып, заң үстемдігін баршаға түсінікті қағида ретінде орнықтырады. “Әділдікке негізделген Конституция – мемлекеттің тұрақты дамуы мен азаматтар құқығын қорғаудың берік кепілі. Заманға қарай  заң мазмұны жаңарды. Мемлекеттік құрылым мықты болу үшін, күшті заң  керек» деген колиция мүшелері жастарды референдумға қатысуға шақырды.

ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ 
«Мынау әлемдегі өзгерістерге байланысты біздің мемлекетіміз соған сай болсын десек ,болашақ ұрпағымызға, өскелең ұрпаққа әлеуеті мен экономикасы дамыған , заң мен тәртіпке бағынған мемлекетт қалдырамыз десек, соған жауап беоре алатын Ата-заңымыз болу керек. Сол ата заңымыздың аясында бүкіл басқа да заңнамалар, басқа да нормативтік құжаттар туындайтын болады»

Сондай-ақ оқыңыз: