Конституциялық реформалар бекітілді
Қонаев қаласында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Алматы облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
Жиында республикалық референдумды өткізу және конституциялық реформалар мәселелері талқыланды. Кездесуде облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев алдағы саяси науқанның ел болашағы үшін маңызын атап өтті. Президент кеңесшісі мемлекеттік маңызы бар стратегиялық бағыттарды саралап, Жаңа Конституцияның мемлекетті нығайтудағы рөлін айтты. Қатысушылар референдумды заңды, ашық әрі әділ өткізу жолдарын талқылады.