Еңбекшіқазақ ауданында «Толық адам» ілімі насихатталуда

«Толық адам» ілімі адал азамат қалыптастырудың негізгі ұстанымы ретінде мектептерде кеңінен насихатталуда. Осындай тағылымды іс-шара Еңбекшіқазақ ауданында өтті. Соның аясында оқушылардың шығармашылығы мен тілшілік қабілетін дамытатын мектепішілік телеарна мен патриоттық тәрбие сыныбы ашылды.

Ұстаздар алдымен балалардың жобасымен танысты. Экология, жасанды интеллект тақырыбы  балалар үшін қалыпты үрдіс. Тіпті мектепішілік телеарна бар. Мұнда өзін журналистика саласында көретін оқушылар шығармашылықпен емін-еркін айналысады. Сондай-ақ патриоттық сынып жұмысы танытырылды. Ал даналық мектебі аясында отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін ата-аналар клубы ашылған. 


НҰРЖАЛҒАС ӘСКЕРБАЙ
ОҚУ ӘДІСКЕРІ
«Аудан көлемнінде мұндай тағылымы терең семинарлар ай сайын өткізілуде. Ол тек бір тақырыпта емес, миссияға жету мақсатында әртүрлі тақырыптарда ұйымдастырылады. СКЛ. Негізі біздің аудандағы белсенді келешек мектептерінің бірі. Бұл келешек мектептерінің материалдық базаларының арқасында, жалпы Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асуы қарқынды түрде дамуда.»

 «Толық адам» тұжырымдамасы - Абай Құнанбайұлының гуманистік танымына сүйенген ілім. Хәкім адам бойында ғылым, ақыл мен жүрек үйлесім тапқанда ғана кемелдікке жететінін айтқан. Осы бағытта «Абайдан аманат» атты мюзиклі қойылды.. Сахнада ақын мұрасындағы рухани құндылықтар көрініс тапты. Сондай-ақ Абай аңсаған азаттық идеясы мен Алаш партиясының  ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегі көрсетілді.


ЖАНАТГҮЛ БҮТІМБАЕВА
ЖАС ПАТРИОТТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
 Облыстық білім басқармаларымен, сондай -ақ аудандық білім бөлімдерімен бірлесе жұмыс атқарудамыз. Қолымыздан келгенше барлық көмекті беруге әр уақытта дайынбыз» 

Алмалыбақ ауылындағы Инаш Шорманов атындағы білім шаңырағы  «Келешек мектептер» жобасы аясында ашылды. Соңғы үш жылда Алматы облысында  осы бағдарлама бойынша 50 жаңа мектеп салынды.  Сондай ақ биыл Еңбекшіқазақ ауданында екі мектеп бой көтереді деген жоспар бар. 

Сондай-ақ оқыңыз: