Қоғамдық орынды ластағандар енді 40 сағат көше сыпырады

Қоғамдық орынды ластағандар енді  40 сағат көше сыпырады. Немесе 43 250 теңге айыппұл төлейді. Жазаға тарту  тек полицияның ғана емес жергілікті әкімдіктің де құзіретіне кіреді.

Бұл 2-ші наурыздан бастап күшіне енген Әкімшілік кодекстегі жаңа талап. Яғни, қала тазалығына жауапты инспекторлар ереже бұзғандарға дереу шара қолданады. Енді тұрмыстық қалдықтарды көрінген жерге тастап, санитарлық талаптарды ескермейтіндер жауапқа тартылады. Бұл қоршаған орта тазалығын бақылауды жеделдету үшін жасалған қадам. 

Сондай-ақ оқыңыз: