Қонаев қаласында Мәжіліс депутаттары жастармен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады

Қонаев қаласында Мәжіліс депутаттары жастармен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.Басқосуда Ата заңға енгізілетін өзгерістердің ел дамуына, соның ішінде өңірлік саясатқа ықпалы жайлы сөз болды. Халық қалаулылары реформалардың негізгі бағыттарын түсіндірді. Құжаттағы өзгерістер арқылы еліміздегі  мемлекеттік басқару жүйесі жаңарып, азаматтардың құқықтарын қорғау күшейтілетінін айтты.  Кездесуде  жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Әсіресе, жастар саясаты, білім беру, жұмыспен қамту және қоғамдық бастамаларды қолдау мәселелері кеңінен қозғалды. Депутаттар құқықтық сауаттылықты арттыру – уақыт талабы екенін жеткізді.

АНАС БАҚҚОЖАЕВ
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
« кез-келген құжатты адам үйде отырып-ақ оқи алады ғой негізі. Бірақ оның себептерін, не үшін ол идея туындағанын  түсіндіріп беру,  дұрыстап жеткізіп, ұғындыру бір бөлек мәселе. Сондықтан, Президенттің барлығына барыңдар, бүкіл халық білсін, жалпы қандай бағдарлама болмасын ақпараттандыру жағын Президентіміздің өзі талап етіп отыр. СКЛ «жастар біздің болашағымыз, осы адал азамат-бүгінгі осы жастар ғой. Соларға дұрыстап, Конституциядағы берілген жаңа саяси векторларды осының бәрін қолдап, соларға үйретіп, баулып сонымен бірге жұмыс істейтін болсақ, осы жастардан жақсы Қазақстанның, жаңа Қазақстанның құрылысшылары осы кісілер»

РАСУЛ АБДРАХМАН
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ӘДІСКЕРІ
« ...көптеген білім орындарында болсын, жастардың көп шоғырланатын жерінде осындай түсіндіру  жұмыстары өтсе онда жаңағы қате пікір болмайтын еді деп ойлаймын. Дұрыс, мен қолдаймын.  Барлығы жастар үшін деп жасалып жатқан себептен, мен осы жаңа Конституцияны қолдап, ары қарай жаңа Конституцияны  жақсы жағынан, өзім сияқты жастарға жеткізуге тырысамын»

Сондай-ақ оқыңыз: