Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданына жұмыс сапарымен барды
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданына жұмыс сапарымен барды. Өткен жылы таулы ауданда атқарылған жұмыс нәтижесін тыңдап, салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысан құрылысын көрді. Аймақ бюасшысы аудан халқымен кездесіп, өңірде атқарылу тиіс мәселлеерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Аймақ басшысы аудан әкімі Дастан Құдабаевтың 2025 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ауыл тұрғындарымен есепті кездесу жиынына қатысты. Ауданда сумай өндіретін зауыт пен Үлкен Қақапақ өзенінен ГЭС салу көзделіп отыр.Сомыне бірге аудан орталығы Нарынқолда 250 орындық емхананың құрылысы жүіріп жатыр. Құрылыс материалдарының қымбаттауы салдарынан жоба мерзімінен кешіккен. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің қолдауымен құрылыс қайта жанданып, аяқталуға жақын.
РУСЛАН КӨККӨЗОВ
РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
«Шалғай аудан болғандықтан біздің ауданның тұрғындары үшін мысалы компьютерлік томография жасату, МРт жасату , эксперттік УЗИ ға түсу қызметтердің барлығы Алматы қаласына барып алатын болса, енді осы емхана ашылғанна кейін сол медициналық қызметтерді осы жерден алуға толық мүмкіндік болады»
Шалғай ауданда жаңа үйлер бой көтерді. Кезекте тұрған азаматтарға Нарынқол ауылынан салынатын 30, Сарыжаз ауылынан салынатын 4 пәтерлі 10 жалгерлік тұрғын үйлердің құрылысын жобалау жұмысы аяқталып, сараптама қорытындысы шықты. Сонымен қатар биыл аудан орталығында арендалық үйлердің құрылысы аяқталады.
ТАСҚЫН ЕСЕНАМАНОВ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
«Үйге 75 шаршы метр салынған. Бұл жерде толығымен қоршалып, электр жүйелері, су, кәріз жүйелері түгел орнатылған ыстық су , суық сумен түгел қамтылған»
Облыс әкімі жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен Қақпақ ауылдық әкімдігінде ауданның шаруа қожалық басшылары және ауыл әкімдерінмен жиын өткізді. Таулы өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту және көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Аймақ басшысы ауыл әкімдерінен жұмысты тыңғылықты атқаруды талап етті.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сондай ақ, Марат Елеусізұлы 10 шаура қожалығын біріктірген «Алтын дән-1» өндірістік кооперативінде болды. Бұрын тәлімі жерді игеріп келген ұжым өткен жылдан бері алқапты суармалы жүйеге көшірді. Нәтижесінде әр гектардан 25–30 центнерге дейін өнім жиналды.