Профилактикалық шаралар күшейтілді
«Қонаев пен Қаскелең қалаларында айықтыру орталықтарын салу қажет». Облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралған комиссия отырысында осындай бастама көтеріді. Жиында өңірдегі қылмыстық ахуал сараланып, жастар ман балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоспары қаралды.
ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша өңірде уақытша бейімдеу және айықтыру орталықтарының санын көбейту қажет. Сондай-ақ наркологиялық ұйымдардағы орын санын арттыру керек. Бұл кездесуде талқыланған басты тақырып болды.
МЕЙІР ДЕМЕУБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мектептер мен балабақшалардың қауіпсіздігі назардан тыс қалмады. Жиында оқу орындарының ішкі тәртібімен қатар, олардың маңындағы жол қауіпсіздігі де сөз болды. Бүгінде облыста 443 мектеп, 26 қосымша білім беру ұйымы және 1150 балабақша бар. Олардың жанында жаяу жүргінші өткелдері, жол белгілері мен жарықтандыру орнатылған. Енді барлық аудандарда қауіпсіздік шараларын қайта тексеру тапсырылды.
ДИАНА ОНБІРБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Өңірде құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейтіледі.