Газ баллоны жарылысынан жиырма алты адам зардап шекті
Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы дәмханада болған газ баллоны жарылысынан жиырма алты адам зардап шекті.
Он үш науқас Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды. Денелерін 80 пайызға дейін күйік шалған үш науқастың жағдайы ауыр. Апаттан 7 адам қаза тапты. Оның 5-уі оқиға орнында, қалған екеуі реанимация бөлімшесінде көз жұмған. Бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхана толық жанып кеткен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар нысаннан сегіз газ баллонын шығарды. Қазір апат себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр. Ақмола облысы әкімдігі зардап шеккендер мен олардың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.