Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды

Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды. Көрмеге қойылған құнды жәдігерлер бүгінгі қазақ елінің -  әйгілі Алтын Орда мемлекетінің заңды мұрагері екенін айғақтайды. Оның ішінде Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай ұлысына тиеселі жібек мата қиықтары да бар.

Ел тарихының терең қатпарына жол тартқан ұлттық музейдегі жаңа залдың ашылуы әр қазақ баласының жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатар маңызды сәт. Мұнда қазақ мемлекеттілігінің көш басында тұрған Алтын Орданың бай тарихи-мәдени мұрасы қамтылған.Жаңа ашылған залдағы ерекше жәрігерлердің бірі 1982 жылы Алматы облысы, Шеңгелді ауылы маңынан табылан Жібек мата қиықтары. Зерттеулер паш еткендей бұл маталар 13 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басындағы Шағатай ұлысына тиеселі. Әрі бұл жәдігерлер Қытайдағы Юуан патшалығының жібек мата шеберзанасынан арнайы тапсырыспен шыққан бағалы бұйым.

Шеңгелді маңынан табылған бұл жібек мата қиықтарында қошқар мүйіз ою өрнектермен бірге айдаһар бейнесі қатар кестеленген. Сәнді тігілеген ішкі және сыртқы киімдермен жағалықтарға жақын келеді. Соған қарағанда ақсүйектерінің салтанатты жамылғыларындағы жібек қиықтар болуы бек мүмкін. Оның тағы бір басты құндылығы – мұндай ұзақ сақталған бағалы  маталар осы нұсқадан басқа еш жерде кездеспеген.

ҚАНАТ ӨСКЕНБАЙ
ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ 
«XIII–XIV ғасырларда Шағатай ұлысының құрамына кірген. Сондықтан бұл територияда табылған заттар хронологиялық кезң бойынша Шағатай ұлысына тиеселі. Бұл заттар біз үшін өте құнды. Бұл кішкентай үзінділер ғой матаның. Біздің тарихшылар мен өнертанушылар осының реконструкциясын жасады. Қандай бейнелер бар деп. Сол қалпына келтірілегн түрін осы көрмеден көруге болады. »

Көрме залына «Алтын орда» дәуірінен сыр шертетін 200-ге жуық жәдігер қойылды. Мұнда тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекейлер, қару-жарақ элементтері бәрі дерлік бар. Ал Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақтерек шатқалынан табылған әйел зиратындағы алтын сырға және қола айна да тарих қоржынына үлкен олжа болып отыр. Бұл жәдігерлерді осыдан 9 жыл бұрын ұлттық музейдің археологиялық экспедециясы тапқан. 

НАБИРА ТӨРЕЖАНОВА
ҚР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙДІҢ АРХЕОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
«2017 жылы Алматы облысы Ақтерек ауылы маңынан табылды. Ол жерде Ақтерек шатқалы бар. Ал генетикалық институт бұл әйел адамның 14 ғасырға жататын қабыры деп көрсетіп берді. Енді бұл жерден табылған алтын сырға 12 ғасырға жатады. Қарасақ ол әжесінен қалған яғни атадан балаға жалғасып қалған яғни 14 ғасырда өмір сүрген қыз соны киген деп айтуға болады. »

Ұйымдастырушылардың айтуынша көрме залдың ашылуы - «Алтын орда» дәуірінен бері сабақтасып келген Қазақ хандығының бір тұтастығын музейге келушілер назарына ұсыну.

СЕРЖАН САРОВ
ҚР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ 
«Бұл залды ашудағы негізгі мақсатымыз осы музейге келген оқушыларды, студенттерді, туристерді қазақ хандығының алтын орданың тікелей мұрагері екенін тікелей көрсету болып отыр. Экспазицияға қазақстанның барлық аумағында жүргізілген археологиялық экспедециялардың нәтижесінде табылған музей қорындағы артефактілер ұсынылып отыр.»

Көрме залда екі жерде үлкен экран орналасқан. Мұндағы «Алтын орда» және «қазақ хандығы» шежіресін баяндайтын бейне филім жасанды зерде мүмкіндіктері арқылы көрсетілеген.

Сондай-ақ оқыңыз: