ҚМДБ ұйымдастыруымен елімізде «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны басталды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен елімізде «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны басталды.
Акция ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 мың отбасыға көмек көрсетуді көздейді. Соның аясында Алматы облысындағы 200 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды. Сый әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға жеткізілді. Облыстың бас имамы жамағатты ізгі амалдар жасауға үндеп, жанашырлық пен қайырымдылық көрсетуге шақырды.
МАДИЯР ҚАЖЫ ТАҒАЙБАЙҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
«Бүгін келіп отырмыз арнайы Иншалла.Өздеріңіздей көпбалалы аналарға, одан кейін ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға біздің демеушілереміздің көмегіменен, осы мешіттің ұйымдастыруыменен Алла разы болсын»