Іле ауданында саяжай-кооперативтерін елді мекен шекарасына қосу жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Іле ауданында саяжай-кооперативтерін елді мекен шекарасына қосу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Өткен  жылы үш ауылдың бас жоспары қайта әзірленіп, нәтижесінде алпыстан астам саяжай елді мекен шекарасына енгізілді.

Іле ауданында123 саяжай-кооперативті бар. Алайда аты саяжай болғанмен ауылдан айырмашылығы жоқ, тұрғындар жыл бойы тұрады. Сондықтан инфрақұрлым мен әлеуметтік нысандар жоқтығы қатты бататын. Енді міне президент жарлығы біртіндеп жүзеге асып, олар елді мекен мәртебесін алып жатыр. 

ТЕМІРЛАН ТІЛЕУҚАЗИН  
ІЛЕ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«2025 жылы Асқар Тоқпанов, Жәпек батыр, Жайнақ және Көкқайнар елді мекендерінің бас жоспарлары әзірленіп, нәтижесінде 61 саяжай елді мекендер шекарасына енгізілді. Бұл жұмыстар халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жасалып жатыр»

Бүгінде Қосөзен ауылының шекарасын қайта бекіту жұмыстары жүргізілсе, Күрті ауылы мен Боралдай кентінің бас жоспарлары әзірлену үстінде. Десе де елдімекен мәртебесін ала сала бар жақсылық бірден орнай салмайды. Айталық Ащыбұлақ ауылдық округіндегі саяжайларда 44 мың адам дұрады. Сондықтан елді-мекендерге жасалар игілік кез-кең кезеңімен келеді дейді ауыл әкімі. 

БАҚТИЯР ҚАСЫМБЕКОВ 
АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Саяжайлар елдімекен мәртебесін алған соң олардың инфра құрлым, жолы, электр энергиясының жасалуы бойынша нақты қанша уақытта деген сұрақтар туындауы мүмкін. Бұл енді уақыт талап ететді. Себебі біздің 4 елдімекенде 200 ден аса көше бар. Оған толықтай асфальт жабындысы төселмеген. Ал саяжайларда біздің округ бойынша 400 дей көшеміз бар. Бұлардың бәріне бюірдей асфалт төсеу, электр энергиясын жаңалау қиындық туғызады. Сол себепті бұл жұмыстар кезең кезеңімен атқарылады»

Десе де әкімдіктегілер құр қарап отырған жоқ. Ащыбұлақтағы «Жомарт» саяжайының электр желілісі реконструкциядан өтіп, мемлекет теңгеріміне алынды. Бұған қоса аталған саяжайда ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары жүзеге асып жатыр. 

АСХАТ МЕЛІСҰЛЫ 
БЕРЕКЕ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Халықтың сұрайтыны сол. Бізге көп нәрсе керек емес. Қоғамдық көлігіміз.сондан кейін ауыз суымыз сосын свет мәселесі. Біз мысалы саяжай болған соң көп төлейміз. Енді ол төмейндейді деген ойдамыз. Енді алдағы жұмыстарға ел болып сеніп отырмыз»

Сала жауаптыларының айтуынша ауданда тағы 7 елді-мекеннің бас жоспарлары аяқталып, 27 саяжай массиві мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сондай-ақ оқыңыз: