Алматы облысында құрылыс қарқыны артып, қиыршық тасқа деген сұраныс көбейді

Өңірде құрылыс қарқыны артып, қиыршық тасқа деген сұраныс көбейді. Алдағы уақытта Алатау қаласында жаңа нысандар іргетасы қаланғанда,  бұл өнімге қажеттілік тіпті еселене түспек. Қиыршықтас өрт пен тасқын секілді табиғи апаттардың алдын алу, салдарын жою жұмыстарында кеңінен қолданылады. Ал шикізатты өңдеу жұмысы қалай жүреді?  Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Жамбыл ауданындағы қиыршық тас өндіру зауыты  100 ден астам азаматты жұмыспен қамтып отыр. Соңғы жылдары кәсіпорын жұмысы ілгерілеп, жылдық өнім көлемі  1 млн.тоннаға ұлғайды. Ал шикізаттың жалпы қоры алдағы 10 жылға жетеді дейді мамандар. Енді кәсіпорын  бетон мен асфальт өндірісін ашуды көздеп отыр. 

ҚУАН АБДРАХМАНОВ
КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ
«Біздің мекемеде қиыршық тастардың сорт-сортымен, құм, инертті материалдар өндіріледі. Біздің өнімдерді жалпы қолданатын жол саласындағы, жалпы Қазақстан, осы Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарасай ауданы жалпы Алматы қаласы ары қарай жол салуға пайдаланады. Мектептер, больницалар, балабақшалар, түрлісін тағы тұрғын үйлер салынады.»

Былтыр ауданда тағы бір инертті материал өндіретін карьер бой көтерді. Жаңадан ашылған зауыт күніне 2000 тоннаға дейін қиыршық тас өңдейді. Су жаңа техникалар мен тың технологиялар тау жыныстарынан мол өнім алуға мүмкіндік беруде дейді мамандар. Қазір мұнда 20ға жуық қызметкер еңбек етеді. 

АСЛАН ЖУМАЕВ
КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ
«Біздің кәсіпорын өңірдегі құрылыс компанияларымен тығыз жұмыс істейді. Алатау қаласының инфрақұрылымының дамуына да үлес қосудамыз. Өнім жолдарды төсеу мен тегістеуге, бетон және кірпіш өндірісінде кеңінен пайдаланылады. Біз тұрғын үй, жолдар мен басқа да нысандардың құрылысына атсалысамыз»

Алматы облысында қиыршық тасқа деген сұраныс жоғары. «Сәйкесінше аталған зауыттардың қазынаға төлейтін салығы артып, өнім түрі көбейуде»-дейді жауаптылар.

Сондай-ақ оқыңыз: