Алматыда «Алмалыбақ заманауи ұстаздар» форумы өтті
Алматыда «Алмалыбақ заманауи ұстаздар» форумы өтті. Бұл мұғалімдерге арналған тәжірибе алмасу және жаңа идеялар алаңы.
Мақсат – білім беру саласына жаңаша көзқарас қалыптастырып, мұғалімнің қоғамдағы жетекші рөлін айқындау. Қарасай ауданындағы гимназия мектебінің мұғалімдері Ұстаздар академиясындағы оқыту-әдістемелерімен танысты. «Бүгінгі мұғалім тек білім беруші ғана емес, бағыт-бағдар көрсетуші, шығармашыл тұлға болуы керек» дейді ұйымдастырушылар. Форум барысында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби ойларын ортаға салды. Білім беру ісінде ұлттық педагогика негіздері мен заманауи ақпараттық методикаларды ұтымды қолдану жолдары айтылды. Форум аясында Алмалыбақ гимназия мектебі мен академия арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды.
ЭЛЬВИРА РАЗАКПАЕВА
АЛМАЛЫБАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Әлем инновациялық шығармашылық орталықпен біз бүгінгі таңда меморандумға отырып, бірлесіп жұмыс атқарайық деп жатырмыз. Осы тұста мұғалімдер шығармашылықпен айналысып, әрі қаратай оқушылардың білімін дамытуға үлкен үлес қосады деп ойлаймын»
НҰРҒАЛИ ТҰРЫМБЕТОВ
ФОРУМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
«Ұстаздар осы жерден түрлі өздеріне қажетті құрладыр мен әдістерін алады.Мұндағы мақсат оқушыларға, еліміздің шәкірттеріне осындай замануи стильде, әдіс тәсілде сабақ беріп жатса оқушының зейінін де аулайды»